Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берудің соңғы қорытындыларын жариялады. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін Орталық сайлау комиссиясына ұсынған.

Сөзінше, аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсынды. Осылайша, Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті нәтижелерін жариялауға мүмкіндік бар.

Оның мәліметінше, сайлаушылардың нақтыланған тізіміне сәйкес, Қазақстандағы сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құрады.

Оның ішінде цифрлық үкімет порталы мен азаматтардың тіркелген жері туралы мәліметтерді тексеру және дауыс беру учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу онлайн сервистері арқылы 9 865 азамат тізімге енгізілген.

ОСК төрағасы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша бюллетеньге саяси партиялардың атаулары мен «Бәріне қарсы» деген жол енгізілгенін атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың дауысы былай бөлінді:

Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс, 71,17%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс, 5,11%;

«Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы – 97 751 дауыс, 1,07%;

Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс, 3,11%;

«Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс, 6,26%;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 478 083 дауыс, 5,21%;

Respublica партиясы – 509 631 дауыс, 5,56%.

«Бәріне қарсы» – 2,51%.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *