Қазақстан құрамасы көк бөріден – күміс жүлдегер!
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден финалдық бәсеке өтті. Ақтық сында Қазақстан құрамасы алаң иелері Қырғызстанға 0:12 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Қырғызстанның алтын медаль саны Қазақстанмен теңесті – 26:26. Жалпыкомандалық есептегі жеңімпаз көкпардан өтетін финалдық бәсекеден кейін анықталады.













