VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елдер арасында ресми медальдар есебі жүргізілмейтіні белгілі болды.

Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі жарыс қорытындысына қатысты мәлімдеме жасап, Көшпенділер ойындарында мемлекеттер арасында жалпы командалық рейтинг пен ресми медальдар кестесі қарастырылмағанын түсіндірді.

Бұған дейін жарыстың қорытындысы бойынша қай елдің көш бастағаны жөнінде әлеуметтік желілерде пікірталас туған. Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама 32 алтын медальмен бірінші орын алған. Ал Көшпенділер ойындарының ресми парақшасында Қазақстан 29 алтын медальмен екінші орында тұрғаны туралы ақпарат жарияланып, кейін бұл жазба өшірілген.

Негізгі мақсат – бәсекелестік емес

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты мақсаты – мемлекеттер арасындағы жарысты немесе бәсекелестікті алға шығару емес.

Ойындар халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, елдерді біріктіруге, сондай-ақ этноспорт түрлері мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған.

Сондықтан жарыс нәтижесінде елдер бойынша ресми медальдар кестесі жасалмайды және жалпы командалық рейтинг анықталмайды.

Тоқаев қазақстандық спортшыларды құттықтады

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан ұлттық құраманы құттықтаған еді.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 6 қыркүйекте аяқталды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *