Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мәдениетінің, азаматтық жауапкершіліктің және туған жерге деген құрметтің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы тазалықты бір реттік акция емес, күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасының мәні тек көшелер мен аулаларды тазалаумен шектелмейтінін бірнеше рет атап өткен. Президенттің айтуынша, оның негізгі мазмұны – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау, азаматтардың жауапкершілігін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту.

Президенттің бұл ұстанымы «Таза Қазақстан» бастамасын түсінудің негізгі тезисін айқындайды: тазалық ең алдымен адамның сана-сезімінен басталады. Яғни елді мекендерді абаттандыру мен сенбіліктер өткізу маңызды болғанымен, одан да маңыздысы – әр азаматтың тазалықты өзінің күнделікті әдетіне айналдыруы. Қоқысты белгіленген жерге тастау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау, табиғатты ластамау, жасыл желекті қорғау сияқты қарапайым әрекеттер осы мәдениеттің негізін қалыптастырады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *