Президент бірқатар құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен:
– Қуанар Бекенұлы Базарбаев – Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
– Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
– Анри Данияр – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары;
– Алексей Викторович Цуркан – Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бөлімінің бастығы, Ақмола облысы.
«Құрмет» орденімен:
– Тимирлан Мусаевич Дзауров – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС бас директоры, Алматы қаласы;
– Ерік Мейрамбекұлы Есмаханов – Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары;
– Елена Александровна Нарзиева – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы.
«Ерлігі үшін» медалімен:
– Дархан Азаматұлы Байдекенов – Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы;
– Нұрсұлтан Қойшыбайұлы Жалғасов – Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
– Дархан Әсемқұлұлы Рысбаев – «Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК құтқарушысы;
– Александр Петрович Чеботкин – «Бурундайавиа» авиакомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
– Әбдіхамит Аралбаев – «Оңталап» шаруа қожалығының директоры, Қызылорда облысы;
– Жанат Ибрагимов – «Ағайынды» шаруа қожалығының директоры, Абай облысы.
Осылайша, мемлекеттік наградалармен құтқару қызметінің басшылары мен мамандары, өрт сөндірушілер, авиация және өзге де сала өкілдері марапатталды.










Фото: Ақорда












