Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

Қатарға қосылған жаңа бағыттардың кестесін назарыңызға ұсынамыз.
№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:
Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.
Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар.
13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
«Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
«Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.


/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *