Қызылордалық спортшы Қазақстан чемпионы атанды
Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтуде.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қызылорда облысының спортшысы Нұрсұлтан Алтынбек Шымкент қаласының боксшысы Бексұлтан Құжанжарды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы атанды.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі












