Облыс орталығы — Қызылорда қаласында тазалық пен абаттандыру жұмыстары аясында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Шара барысында қала көшелері, қоғамдық орындар мен белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстардың жалғасы болып табылады.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың туған жер тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.

Таза қала – ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрқайсымыздан басталады.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *