«Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбында өткен республикалық «Алтын домбыра» айтысы аяқталды. Екі күнге созылған сөз сайысында 14 ақын бақ сынады. Нәтижесінде Мейірбек Сұлтанхан топжарып, алтын домбыра иегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін сырбойылық Мұхтар Ниязов алтыннан құйылған ұлттық аспапты жеңіп алған еді. Биылғы жеңімпаз да Қызылорда облысының тумасы.