Хәкім Сүлейменұлының құжаттары архивке қабылданды
Бүгін Екінші Дүниежүзілік соғысына қатысушы, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері ХӘКІМ СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ 1938-2024 жылдар аралығын қамтыған құжаттарын ұрпақтары Астана қаласының мемлекеттік архивіне тапсырды.
Хәкім Сүлейменұлы 1919 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Сәуле колхозында дүниеге келген. Ата-анасы 1932 жылы ашаршылыққа ұшырап, балалар үйінде тәрбиеленеді.
Х. Сүлейменұлы 1941 жылдың 22 маусымында арнайы дайындықтан өтіп, 168-ші атқыштар полкінің құрамында соғысады. Сөйтіп, 1941 жылдың қыркүйек айында немістер қолына түсіп, тұтқындалады. Кейінен Мұстафа Шоқайдың көмегімен босаған түрік тұқымдары ішінде «Түркістан легионында» болады. Сталиндік қуғынға ұшыраған Хәкім қарт 1955 жылы босап елге оралады. Өмірінің соңына дейін ұстаздық жолға түскен ол 1999 жылы 80 жасында бақиға бет түзейді.