Белгілі ақын Аманжан Дүйсенғалиев, балалар ақыны Нейлә Дүйсенғалиева Астана қаласының Мемлекеттік архивіне құнды құжаттарын тапсырды.

«Астана қаласының Мемлекеттік архиві» ММ ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндірме жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан бастаған архив қызметкерлері қос ақынның жазған жырларының түпнұсқасын, суреттерін қабылдап алды. Сонымен қатар ақын өзі пайдаланған Домра (Домра — орыс, украин және белорусь халықтарының ұлттық үш ішекті, шертпелі музыкалық аспабы) киноаппарат, кинопроектіні табыстады.

Аманжан Дүйсенғалиев «Жанымның жағалауы», «Ойыл ырғақтары», «Қайнар бұлақ» туындыларымен, ал, жары Нейлә Дүйсенғалиева балаларға арналған «Кулачок без лени», «Пальчик-Мальчик» сынды кітаптарымен оқырман қауымға етене таныс.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *