Перизат Қайратқа қатысты тергеу қалай жүруде?
Елді елең еткізген Перизат Қайратқа қатысты оқиғаның ақ-қарасы анықталатын уақыт жақын. Ол қайырымдылыққа жиналған қаржыға қолсалды деген күдікке ілінген еді. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов,Наурыз айында тергеу аяқталады, -деді. Айтуынша 100 астам том материал жиналған.
«Иә, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр. Біз аяқтау сатысына таяп тұрмыз. Жақын арада, наурыздың басында тергеу аяқталғанын жариялап, іспен танысу кезеңіне көшеміз. Іспен танысу қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын, себебі бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Онда 100-ден аса том материал бар, заттай дәлелдерді қоспағанда. Сондықтан барлығы қоғамдық процеске байланысты болады», – деді Елемесов Мәжіліс дәлізінде.
#Фастньюскз #Фастньюс #Фастнюс #Фасткз #Перизат #Қайрат #2025 #Қазақстан #Жемқорлық