Рақымжан аға қоңырау шалып «Асанжан ертең, Ы. Алтынсарин мектебі шақырып жатыр. Қолың бос болса, бірге барайық!» деді. Аға айтқанда жалтаруға болмайды «Құп болады!» дедім. Ұйқымнан тұрғасын, жұмысқа ескерттім де аға үйінің алдынан табылдым. Рақамды көлікке отырғызып алып, қозғала бергенімде телефон шырылдады. Әлібек көкем Қайыров. Телефон қоңырауын көтермейін десем Әлекең соғып тұрған. Көтерейін десем Рақымжан ағамен әңгіме үзіліп қалады-ау деген секем бар. Сөйтіп азды-кем секундта сергелдеңге түскенімді аға байқаса керек, «Мен сияқты бір ағаң шығар, көтерсейші» деді.
-Ассалаумағаликүм, қалайсыз?,
-Шүкір, қайдасың?, — деген Әлекемнің қырылдағын дауысы ойымды сан-саққа жүгіртті. Себебі, ол да Шынар (Имашева, Ы. А. Мектебінің сол кезде директоры болған) ханымның шақыртуымен мектепке бара жатқан беті екен. Мен сол жақтан түсәлетінде Әлекемді ала кетуім керек. Соны айтқалы хабарласыпты.
Мектепке жеткен Рақымжан аға екеумізді Шынар күтіп алды. Мектеп оқушылары Рақамның жазған «Бейбарысын» сахналайды. Соны тамашалауға келген бетіміз. Рақымжан ағаны кабинетке оздырып, Шынарға Әлекемнің келе жатқанын айтып, «Аға екеуінің қарым-қатынасы дұрыс па еді» дегенім сол еді. «Мә, қасқа, білмеймін» деген мектеп басшысының түрі бұзылып кетті. Шынардың шырылы үдей түсті. Кіреді, шығады. Тыным табар емес)))
Азды-кем әңгімеден соң Рақымжан аға «Ал, бара береміз бе?» дегенде Шынардың тілі байланды да қалды. Күмілжіп барып «Әлібек аға келе жатыр еді…» деп сөзінің соңын жұтып қойды. Рақам орнынан тұрды да «Кім ол?» деді. Мен «Әлібек Қайыров ағамыз ғой» дегенімде Рақам «Әлекем бе, күте тұрайық» дегенде Шынардан суық тер бұрқ ете түсті)))
Әлекем де Рақам да оңып тұрған жоқ. Екеуі де мінезге «кедей» адамдар))) Шаппа-шап келсе шарт ете түседі. Өз басым екеуінің бір жиындарда немесе басқа да кездесулерде жолыққанын көрген емеспін. Содан қорыққан түріміз ғой, тіл табыса алмай қала ма деп… Онымыз бекер болыпты. Екеуі де құшақ жая амандасып, әзілдері жараса кетті. Тектілерім-ай, қазір екеуіңде жоқсыңдар(((
P.S. Мектеп оқушыларының қойылымына автор риза болып шықты. Бұл 2017 жылдың 14-ші желтоқсаны болатын.