Қызылорда облысы Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандары аумағында «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы басшысы Расул Маханов пен облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Рахымжан Бурабаев жергілікті тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерін болдырмау, алдын-алу және өңірде киіктің көп шоғырлануына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін іссапарға шықты.

Сапар барысында Шиелі ауданындағы А.Құралбаева атындағы орта мектеп ұжымы мен оқушыларымен, Сырдария ауданының білім бөлімі қызметкерлерімен, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық әкімшілік ұжымы мен тұрғындарымен кездесу өтті. Сондай-ақ Қармақшы ветеринариялық стансасы қызметкерлерімен, Қазалы ауданындағы Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектеп пен Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылындағы №248 орта мектеп ұжымы мен оқушыларымен кездесіп, Қызыл кітапқа енген жануарлар және оларды қорғау, заңсыз аңшылық, жануарлар дүниесін дұрыс пайдалану мен қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортадағы тазалық тақырыптарында насихат жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, қазір киіктің көбейгені, бірақ оның қазір жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатынан алынғанымен, атуға және пайдалануға рұқсат берілмегендігі ескертілді. Бүгінде аталық киіктің табиғат ортасынан заңсыз алынғаны үшін келтірілетін залал сомасы 500 АЕК, ал ешкісі мен лағына келтірілетін залал сомасы 350 АЕК-ті құрайды. Осыған қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігі жөнінде ескертілді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жастар мен оқушылар арасында табиғатты қорғау мәселелері бойынша көптеп үгіт-насихат жүргізуге ұсыныс айтылды.

«Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның

 Қызылорда өңірлік филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *