Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, және «Өркен» балалар әдебиетін дамыту қоғамдық қоры бірлесіп, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында «Алматының жас жазушысы – 2025» байқауын ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды.
Келісім шартқа Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры Мейрам Бектембаев және «Өркен» балалар әдебиетін дамытуға жәрдемдесу қоғамдық қорының президенті Мәди Нүсіпбаев қол қойды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің әдеби шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ әдебиетінің үздік дәстүрлерін насихаттау және балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Биылғы байқау қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналып, қатысушылар жазушының шығармалары негізінде фэнтези жанрында жаңа туындылар жазуы қажет.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Қосымша блок

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *