Қызметінен уақытша босатылған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль 8 наурыз күні тергеу изоляторынан шықты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Содан бір күн бұрын Сеул соты Юн Сок Ёльдің өтінішін қанағаттандырып, оны қамау туралы шешімнің күшін жойған. Сот тағылған айыптың мерзіміне сілтеп, прокурорлар іс жүргізу ережесін бұзған деп тапты.
«Ең әуелі Орталық аудандық сотқа заңсыздықты жоюда батылдық әрі табандылық танытқаны үшін алғыс айтқым келеді» деді президент босап шыққан соң.
/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Қосымша блок

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *