Жолаушылар назарына: 7 облыста 8 бағытта жол жабылды
7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Абай облысы: — «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-778 шақырым аралығы (Аягөз қ. – Жетісу облысының шекарасы). — «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар а.).
Атырау облысы: — «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);
Шығыс Қазақстан облысы: — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы).
Жетісу облысы: — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы: — «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)
Қостанай облысы: — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);
Ұлытау облысы: — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды.