Қар көшкінінен қауіп көп…
Қар көшкінінен қауіп көп. Ел аумағында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып табылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Мамандардың болжауынша 2025 жылы бұл өңірлерде көшкін белсенділігі наурыз-сәуір айлары аралығында артуы мүмкін. Осыған орай мамандар тауға шықпауға кеңес береді.
/сурет ТЖМ сайтынан алынды