Мемлекет басшысы Presight.AI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.

Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде айта келіп, технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударды. Presight.AI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін жеткізді.

/сурет Ақорда сайтынан алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *