Мерекелік пойыздар жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Наурыз мейрамы күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты.
Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.
Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.
«Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.