Түркиядағы түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Түркиядағы ахуал күрделене түсті. Әр жерлерді наразы топ ереуілге шығып, арты қақтығысқа ұласып жаты. Қала көшелеріне митингке шыққан қарашаны қайтару үшін тәртіп сақшылары суық су қолданып, резеңке оқ атып жатыр.
Ел билігіне қарсы ереуіл 19 наурызда басталған еді. Оған алты күн бұрынғы Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұның ұсталып, қызметінен уақытша шеттетілуі себеп. Айтайық, оған сот пара алды және лаңкестік ұйымға жәрдес берді деген айып тағып отыр.
Бұлай жалғаса берсе іс насырға шабады дейді сарапшылар. Халық арасында жаппай тәртіпсіздік белең алса, қысыл таяң сәтті теріс пайдаланатындар көбеюі мүмкін. Топтық төбелестер болып, адам соғу, ұрлық жағдайлары жиілеуі ықтимал.