Алып мұздықтар еріп жатыр
Жаһандық жылынудың залалын шығыстағы көршімізден көруге болады. Қазір Қытай тауларындағы мұздықтарыдң 45 пайызы еріп кеткен. Бас-аяғы 60 жылдың бедерінде көлемі 25 пайызға азайған. Әсіресе Няньцин Танггула мен Алтайда мұздықтар көлемі күрт төмендеген. Ал Гималайдың 35 пайызы суға айналған.
Бұл жайлы Қытайдың солтүстік-батыс экология, қоршаған орта және ресурстар институты хабарлады. Ондағы ғалымдар дабыл қағып отыр. Себебі бұлай жалғаса берсе табиғи баланс бұзылып, түрлі апаттарға алып келуі мүмкін.
/сурет ашық дереккөзден алынды