Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *