Былтыр Қазақстанға сапармен және халықаралық форумдар шеңберінде 33 мемлекет және үкімет басшылары, 4 жетекші халықаралық ұйым басшылары мен жоғары өкілдері, 7 парламент басшылары келді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 24 шетелдік сапары, оның ішінде мемлекеттік және ресми сапарлары, сондай-ақ оның халықаралық форумдарға қатысуы ұйымдастырылып өткізілді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей, Қытай, АҚШ, Аустрия, Италия, Люксембург, Хорватия, Швейцария, Мальта және т.б. негізгі елдер мен өңірлерді қамтыған 35 шетелдік сапар жасады, 205 кездесу өткізді (оның ішінде 48 іскер топтармен және 17 телефон арқылы сөйлесуі).

Елімізге шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының және халықаралық ұйымдардың 11 басшысы келді.

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ), Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне (ОАМБКК) және Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХҚЕС) табысты төрағалық етуі еліміздің халықаралық ықпалын одан әрі нығайту үшін маңызды қадамдар болды.

 

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *