Бүгін 28 сәуірде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Құранға қызмет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, сондай-ақ «Жомарт жан» орталығының мүшесі Қуаныш Ерболаттың қолдауымен Талсуат оңалту орталығында ерекше жандарға арналған спартакиада өтті.

Бұл шараның мақсаты – қоғамда қолдауды қажет ететін жандарға көңіл бөліп, олардың әлеуметке бейімделуіне көмектесу болып табылады.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, ем алушыларға мықты денсаулық пен толық сауығу тілектестігін білдірді.

Спартакиада 5 кезеңнен тұрып, ем қабылдап жатқан жеткіншектер белсенді түрде қатысты. Жарыстың әділ өтуін қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының құрамында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова және аға сарапшы Нұргүл Ақсақалова болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің дипломдары табысталды. Шараның соңында 60 ем алушыға арнайы дастархан жайылды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *