Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарына қатысты қысқа мерзімді болжамын әзірлеп, жариялады. Бұл болжамға сәйкес, Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09–1,25 миллион аралығында бос жұмыс орны ұсынылады. Соның ішінде 243–350 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болмақ, деп хабарлайды  FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие білікті мамандар ретінде келесі мамандықтар аталды: орта мектеп мұғалімдері (қоғамдық пәндер бойынша) – шамамен 29,5 мың бос жұмыс орны, балабақша тәрбиешілері – 22 мың, науқастарды күту бойынша  – 19 мың, бастауыш сынып мұғалімдері – 17 мың бос орын.

Сондай-ақ, министрлік ең қажетті жұмысшы мамандықтарын атады.

«Жұмысшы кәсіптеріне қатысты күтім жасайтын орташа персонал үшін бос жұмыс орындарының саны шамамен 23,3 мың, аспазшылар – 11,6 мың, сантехниктер мен құбыр жүргізушілер – 11,3 мың, қазандықтар мен бу машиналарының операторлары – 9,9 мың, құрылысшылар-монтажшылар – 9,1 мың, өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлары – 9 мың, газ кескіштер – 8,9 мың, автобус жүргізушілері – 7,6 мың, электр энергиясын өндіру жөніндегі операторлар – 6,7 мың бірлікті құрайды», делінген хабарламада. 

Вакансиялар саны бойынша ең белсенді өңірлер ретінде Астана, Алматы, Түркістан, Павлодар және Қарағанды облыстары аталды.

Жұмысшы кәсіптерінің ең көп сұранысқа ие жұмыскерлер қатарына күтім жасау жөніндегі орта медициналық персонал, аспаздар, сантехниктер мен құбыр тартушы, өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлары, қазандықтар мен бу машиналарының операторлары, газ кескіштер, құрылысшы-монтажшылар, автобус жүргізушілері, электр энергиясын өндіру жөніндегі операторлар мен тракторшылар кіреді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Елеулі есім

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *