Қызылордадағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңартылды
Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде орналасқан «Жеңіс» саябағына құрылыс-абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай саябақ мәдени-демалыс кешені болып ашылды. Кешен алдағы уақытта аудан халқымен қатар көршілес аудандардың тұрғындары үшін де жайлы демалыс орнына айналмақ, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Аумағы 20 гектар болатын, яғни облыстағы ең үлкен саябақты абаттандыру және құрылыс жұмыстарымен мердігер мекеме «Каз Элит Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Бүгінде мәдени кешенде «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеяларын және отбасылық мейрамханалар мен тамақтану, демалыс орындары салынды.
Сондай-ақ кешенде спорт және балалар ойын алаңдары, аквапарк, жасанды көлшік орналастырған.
Айта кетейік, кешен ішіндегі отбасылық демалыс орындарының құрылыс жұмыстары 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай толықтай аяқталып, іске қосылатын болады.