Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің денсаулығы жақсарып келеді. Бұл жайлы өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол қастандықтан кейін алғаш рет пікір білдірді.

«Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді», — деп жазды ол.

Айтайық,  Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына  әкімдік маңында оқ атылған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *