Қайтыс болған қазақстандықтың атына несие рәсімделген
Қайтыс болған қазақстандықтың атына несие рәсімделген. Бұл туралы Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, кейбір микронесиелер қайтыс болған адамдардың атына немесе биометриялық сәйкестендіруден өтпей рәсімделуде, сонымен қатар елімізде ешқашан болмаған шетел азаматтарының атына да несие алынуда; олардың атына банктік шоттар ашылып, сол арқылы түрлі алаяқтық транзакциялар жасалуда.
«Мысалы, Ақтөбе облысында «Кредит 365 Казахстан» және «Авто Сыйлык» микрокаржы ұйымдары азаматтың атына биометриясыз микронесиелер рәсімдеген. Алайда бұл азамат 2023 жылдың шілде айында қайтыс болған», — делінген қадағалау органының хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысында да тергеу жүргізілуде: екінші деңгейлі банктің екі қызметкері Украина азаматының атына шот ашқан, ал бұл азамат ешқашан Қазақстанға келмеген. Оның шотына алаяқтардан зардап шеккендер өз жинақтарын аударған. Шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта банк қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
/сурет ашық дереккөзден алынды