Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша қауіпсіздік кеңесінің отырысында Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс берілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы көлік саласындағы кемшіліктері үшін Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Отырыста Көлік министрі Марат Қарабаев пен орталық мемлекеттік органдардың бірқатар басшыларының есептері тыңдалды.

Мемлекет басшысы көлік саласының жалпы жағдайын сынға алды. Оның айтуынша, бұл саланы жаңғыртуға жүйелі мәселелер мен жоспарланған шаралардың орындалмауы кедергі келтіруде.

Президент жүк тасымалы кезінде шекарада туындайтын қиындықтарды, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайының нашарлығын және ірі транзиттік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу кестесінен кешігуін атап өтті.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты авиаотынмен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұл жүк тасымалы көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, транзиттік тасымал көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Бұл – Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбектеріне енуі арқылы мультипликативті әсерге қол жеткізу үшін қажетті қадамдардың бірі», – деп хабарлады Ақорда.

Отырыстың қорытындысы бойынша Президент көлік-логистика саласындағы мәселелерді шешу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *