Тоқаев туған күнін тойлай ма?
17 мамыр — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Биыл қазақ басшысы 72 жасқа толады.
Дегенмен, Ел президентінің туған күнін атап өту мақсатында ешқандай іс-шаралар, салтанатты кештер жоспарланбаған. Қасым-Жомарт Кемелұлы туған күнін тойламайды.
Бұл жайлы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.