15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда облысында «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Мерекелік шара аясында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, әке мен ананың тәрбиедегі рөлі, ұрпақтар сабақтастығы сынды өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды. Іс-шара қонақтары отбасы институтының қоғамдағы орны мен маңыздылығы жөнінде пайымды пікірлерімен бөлісті, тереңінен ой өрбітті.

Іс-шараның ең әсерлі тұсы – 50 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір сүріп, өмірдің ыстық-суығына бірге шыдаған ардақты қариялардың құрмет төріне шығуы болды. Оларға салтанатты түрде «Алтын той» неке куәлігі табысталып, шынайы ықылас пен құрмет көрсетілді. Бұл – жас отбасылар үшін үлкен өнеге, ұлағатты үлгі болды.

Сондай-ақ, бүгінгідей ерекше күнде үлкен өмірге қадам басып, Мұхаммедәли мен Айсұлу заңды түрде жас-жұбайлар атанды. Жастардың айтуынша, бұл дата кездейсоқ таңдалмаған. Бір жыл бұрын олар танысып,  өмірлік жолды бірге бастауға шешім қабылдаған екен. «Алтын той» иелері жас жұбайларға неке куәлігін өз қолдарымен табыстап, ақ тілектерін арнады. Бұл – ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен дәстүр сабақтастығының тағы бір жарқын көрінісі.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда облысының өзінде  1111 жаңа отбасы тіркелді. Бұл – өңіріміздің реттік нөмірі 11-мен үндесіп, ерекше мәнге ие болып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *