Украина Президенті Түркияға келді
Украина Президенті Владимир Зеленский бейсенбі, 15 мамыр күні Түркия астанасы Анкараға келді, деп хабарлайды Syrboyi.kz сайты Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Украина басшысы мінген ұшақ жергілікті уақыт бойынша 12:14-те Эсенбога әуежайына қонған.
Президентті әуежайда Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Украина басшысының Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізуі жоспарланып отыр. Кездесу Анкарадағы Президенттік кешенде өтеді, делінген хабарда.