АҚШ-тың Миннесота штатында орман өрті басылмай тұр.
Қызыл жалыннан 600 гектардай жер жанып кетті. 200-ге жуық нысан бүлінген. Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, аймақта әлі қауіп сейілген жоқ. Өртті сөндіруге жүздеген бригада мен әуе күштері жұмылдырылған. Бірақ соның өзінде отты өшіру қиынға соғып жатыр.
Апат болған аймақтағы тұрғындарға көмектесу үшін еріктілер де тартылған. Өткен аптада басталған алапат орман өртіне аптап ыстық пен құрғақшылық себеп дейді мамандар.