Қызылордада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жас қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шамамен 22:50-де «Арбат» аллеясында әскери жасақ бір топ азаматтың күмән туғызған әрекетіне назар аударды. Жасаққа абыржыған қыз жүгініп, жанында тұрған құрбысының талмасы ұстап жатқанын хабарлады.

Әскери қызметшілер бірден кезекші бөлімге хабар беріп, жедел жәрдем шақырды. Алайда зардап шеккен қыздың жағдайы өте ауыр екенін және өміріне араша болудың қажет екенін түсінді. Оқиға орнында болған медицина маманы жедел жәрдемді күтудің тым қауіпті екенін, қызды дереу ауруханаға жеткізу керектігін айтты.

Патрульдік топтың бастығы лейтенант Әбілхан Ернұр жағдайды бағалап, уақыт жоғалтпау туралы шешім қабылдады. Ол зардап шеккен қызды патрульдік көлікпен жеткізу туралы бұйрық беріп, бұл міндетті автопатруль қызметшісі ефрейтор Таңатар Сұлтанайға жүктеді. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қыз облыстық ауруханаға дер кезінде жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *