Түркістан облысы Ордабасы ауданында мектеп оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады. Жәнібек Әбілхан Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жәнібек Асқарұлы 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Сынып жетекшісі — Гүлзира Ағабекқызы Бортай.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектеп түлегі  ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.

«Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі», деп атап өтті басқармадан. 

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *