Шымкентте жеке тұрғын үй аумағынан тағы жылан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы 112 пультіне  Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің қожайыны хабарласқан. Айтуынша, үйінде бауырмен жорғалаушы жүрген және ол үй ішіндегілердің үрейін тудырған.

Құтқарушылар шақырту орнына жедел келіп, арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оны елдімекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді.

Осы ретте ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды қауіпсіз аймаққа шығарып, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкентте жеке тұрғын үй секторларында жылан қаптап кеткені туралы жаздық.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *