Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады. Марапатталғандар қатарында Сыр сүлейлерінің бүгінгі ізбасары Айбек Тәңірбергенов те бар. Оған «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Дарынды әкеден дарыған текті өнердің талантты өкілі Айбек Тәңірбергенов таңдайына тат баспаған сүлейлердің асыл сөздерін бүгінге жеткізушілердің бірегейі. Ол қазақтың рухын көтеретін, рухани кемелдігін көрсететін бекзат өнерді асқақататып, тыңдарман талғамына ізгілік нәрін себуші таңдаулы жыршы. Ұзақ жылғы еңбегі және өнер жолындағы жетістігі мол Айбек Тәңірбергеновты мәртебелі марапатымен құттықтаймыз!

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *