Қазақстанда мамыр айының соңғы күндері суық ауа райымен жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ел аумағында найзағаймен жауын-шашын әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон ығыса бастайды. Бұл құбылыс батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына, ал солтүстік өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болмақ.

Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта үсік күтіледі:

25 мамырда – Батыс Қазақстан облысында;

25 мамырда – Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында;

26 мамырда – Павлодар облысында.

Аяздың күші түнде -1…-3°C аралығында болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ыстық жаз солтүстік өңірлерге әлі де жетпей жатыр.

Бұған дейін бастан күн өткенде не істеу керектігі туралы жазғанбыз. 

Фото ашық дереккөздерден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *