Досымжан Таңатар бокстан Азия чемпионы атанды
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен 19 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында еліміздің ұлдар құрамасы 10 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құрлықтық додада 2007-2008 жылы дүниеге келген боксшылар сынға түсті. Онда финалда ел құрамасынан 11 жекпе-жек өткізіп, олардың 10-ы жеңіс тұғырына көтерілді.
Азия чемпионатында Жасұлан Бердалы (75 келі) күміс, Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі) қола жүлдегер атанды. Ал 71 келіде қазақстандық боксшыға жүлде бұйырған жоқ.
Азия чемпионатының жүлдегерлері:
1-орын
Нұрхан Құмарбеков (48 келі);
Досымжан Таңатар (51 келі);
Алдияр Бахадүр (54 келі);
Нығман Нығмет (57 келі);
Әділет Тортубек (60 келі);
Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі);
Сұлтан Тұрдалы (67 келі);
Игорь Соловьёв (80 келі);
Расул Асанханов (92 келі);
Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары).
2-орын
Жасұлан Бердалы (75 келі).
3-орын
Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі).
Айта кетейік, бұдан бұрын ғана бұрымды қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарған болатын.
Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:
Қазақстан – 22 алтын;
Тәжікстан – 2 алтын;
Қырғызстан – 1 алтын
Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар – 5 ) еншілеген еді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы