Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түлектері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқанын көруге болады. Кадрдан түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып жылдамдығын арттырғанын, сонан соң жолда шаң көтеріліп, салдарынан алдағы көлікке барып соқтығысқанын көруге болады.

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары қорғап тәрізді. Бірақ соның өзінде де бірнеше ұл көліктен бастарын ұстап шығып жатыр.

Ал көпшілік видеоның астында түлектердің ата-аналарын жазалау керектігін жазып жатыр.

Фото: видеодан алынған кадр

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *