Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоуды ұйымдастырушылар ММА ұйымындағы әйгілі файтер Федор Емельяненконы Қазақстанға «Темір Майкқа» қарсылас ретінде шақыруды жоспарлап отыр.

— Біздің жоспарларымызға Майк Тайсон мен Федор Емельяненконың жекпе-жегін ұйымдастыру кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, – деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев.

Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Былтыр ол қарсыласы Джейк Полдан бірауыздан жеңіліп қалған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұған дейін қазақстандық 22 жасқа дейінгі 9 боксшы Азия чемпионы болғанын жазған едік.

Фото: instagram/miketyson

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *