Франция президенті Эммануэль Макрон 25 мамырда Вьетнамға алғашқы ресми сапарын бастады. Ханойға әйелі Брижитпен бірге келген президенттің сапары бірден жанжалға ұласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Брижиттің күйеуіне жасаған оғаш қимылын көрсететін бейнежазба тарады. Көпшілік бұны «шапалақпен ұрды» деп қабылдап, қызу пікірталас тудырды.

Елисей сарайы бұл оқиғаның бейнежазбасын растады, бірақ оны ерлі-зайыптылардың жай әзіл-қалжыңы деп түсіндірді. Дегенмен, француз қоғамында бұл сенімсіздік пен күмән тудырып отыр.

Айта кетейік, Макрон мен Брижиттің жас айырмашылығы – 24 жыл. Брижит Эммануэльдің мектеп мұғалімі болған.

Фото: Видеодан алынған кадр

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *