Қызылордалық ана 10-шы сәбиін дүниеге әкелді
Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы Төлегенова Ажаркүл 10-шы сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Қуанышты отбасының тұңғышы бүгінде 16 жаста, студент атанған. Одан кейінгі 4 қызы мен 1 ұлы мектеп жасында білім алып жүр. Ал кенжелері – отбасында, ата-анасының қарауында.
Отбасының тірегі – жолдасы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, жанұяның қажеттілігін қамтамасыз етіп, балаларының болашағы үшін аянбай еңбек етуде.
Ажаркүл ханым дәрігерлерге алғысын білдіріп, ана атанудың қуанышы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Фото: Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы