Дауылды ескертулер сақталады:

26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

25 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 25-27 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шымкент қ.: 27 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

27 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр. Облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Абай облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады

27 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

27 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

27 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстысың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

27 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с  күтіледі.

27 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Түркістан облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

27 мамырда күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл күтіледі.  Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде 1 градус үсік сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

27 мамырда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *