Күріш ауыспалы егістіктерінде су үнемдеудің ең маңызды тиімді жолы ол – жерді лазерлік тегістеу. Бұл бағытта топырақ беті тегістігінің ауытқуы ±5 см дәлдікпен тегістелген алқапта өнімділік 30%-ға жоғарылап, су шығыны 20%-ға үнемделеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін ұлғайды.

Тегістелген жер көлемін биыл 60 мың гектарға жеткізу үшін шаруашылық құрылымдары 202 бірлік жер тегістегіштермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 2024 жылы 4 мың 400 гектарға жеткізілсе, ағымдағы жылы оның көлемін 9 мың 200 гектарға жеткізу жоспары бекітілген.

Фото: Облыстық ауыл шаруашылығы

және жер қатынастары басқармасы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *