Қарағанды қаласының маңында екі жасар бала жүк пойызының астына түсті. Жазатайым жағдай «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында болған.

Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға қатысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді.

«2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді», — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *