Байқоңыр қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы «Сатурн» мәдениет және кино залында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Салтанатты жиынға аэроғарыш саласының мамандары, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысып, Байқоңырдың тарихын бірге еске алды, болашағына үмітпен көз тастады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арнайы бейнеқұттықтауы көрсетіліп, жиналғандарға ерекше әсер қалдырды. Бұл – Байқоңырдың екі ел үшін де маңыздылығы жоғары екенін дәлелдейтін жарқын сәттердің бірі болды.

Ресми құттықтау сөздерін ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, «Роскосмос» бас директоры Дмитрий Баканов және қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин арнады. Олар Байқоңырдың ғарыш саласындағы маңызын атап өтіп, көп жылғы еңбегімен көзге түскен азаматтарға алғысын білдірді.

Мұнан кейін Байқоңыр кешенінде табанды еңбек етіп, даму жолында аянбай тер төккен жандар марапатқа ие болды. Оларға «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальдер табыс етілді.

Кеш соңында өткен мерекелік концерт ерекше көңіл-күй сыйлап, Байқоңырдың рухын асқақтатты. Өнер мен тарих тоғысқан бұл шара әр қатысушының жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *