Абай облысының әкімінің орынбасары болып Серік Төленбергенов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыс әкімі Берік Уәли жаңа орынбасарын кеше өңір активіне таныстырды.

Серік Төлеуғалиұлы  1974 жылы 13 желтоқсанда Семей облысы Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика», 2006 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Заңтану» мамандығы, 2013 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы және валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары «Құрмыш ЛТД» ЖШС-ның бас директоры, «Құрмыш ЛТД» ЖШС, «Аст-Пром» ЖШС, «Восток-Холдинг ЛТД» ЖШС-нің директоры, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2013-2024 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі болып қызмет атқарды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *