2026 жылдан бастап жаңа Бюджет кодексі күшіне еніп, жыл сайын жергілікті бюджетке қосымша 100 млрд теңгеден астам кіріс берілмек. Бұл туралы Үкімет сағатында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

«2026 жылдан бастап жаңа Бюджет кодексінде жыл сайын қосымша 100 млрд теңгеден астам сомаға кіріс беру көзделген. Бұдан басқа, жаңа Бюджет кодексінде кірістердің нысаналы бағыты бар «Арнайы түсімдер» деген жаңа санаты көзделген. Жергілікті бюджеттің осы санатына қолданыстағы кірістер, сондай-ақ жаңа кірістер есептелетін болады. Осылайша, 2026 жылдан бастап тұрақты кірістің шамамен 40 пайызы жергілікті бюджетке жиналады», дейді Жұманғарин.

Аудандық бюджеттердің қаржылық дербестігін күшейту үшін шағын орта бизнеспен, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы аудандық, облыстық маңызы бар қала бюджеттері кірістеріне берілді.

«Жүргізілген жұмысты ескере отырып, кірістерінің 70 пайыздан астамы аудандық, облыстық маңызы бар қала бюджетінде шоғырланатын болады. Төртінші деңгейге – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне жергілікті бюджеттер түсімдерінің 14 түрі бекітілген. Өздеріңіз білетіндей, Салық кодексінің жобасын талқылау барысында бюджеттің осы деңгейіне түсетін негізгі түсімдердің бірі – сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемді жоғалта жаздадық. 367 млн теңге сомасына төлемнің бұл түрі төртінші деңгейде сақталды», дейді Ұлттық экономика министрі.

Жұманғарин бюджеттің кіріс бөлігін нығайту бойынша жұмыстың нәтижесінде салықтардың жиналуы өскенін айтады.

«Соңғы 6 жылда жергілікті бюджеттердің кірісі 2019 жылы 2,5 трлн теңгеден 2024 жылы 7,9 трлн теңгеге дейін өсті немесе өсу 3 еседен артық. Сонымен қатар, біз облыстық деңгейден аудандық деңгейге жекелеген салық түсімдерін – шағын орта бизнестен, корпоративтік табыс салығын және жеке табыс салығын беру кезінде облыстық бюджетті шығыстарға тең келмейтін кіріс базасынсыз қалдырғанымызды түсінуіміз керек», дейді ол.

Фото: Оңалхан Өнерхан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *